Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

2025 жылдың қорытындысы бойынша Changan CS55 Plus кроссовері Қазақстандағы қытайлық брендтер арасында ең көп сатылатын көлік атанды. Сонымен қатар, Changan дистрибьюторлық желісі мәліметі бойынша, жалпы сатылым бойынша ТОП-10 қатарына кіріп, сегізінші орынды иеленді.

Қазақстан Автокөлік Одағының дерегі бойынша, Қазақстандағы автокөлік нарығы өсу үстінде. 2025 жылы Қазақстандағы жаңа автокөлік сатылымы 14,4%-ға өсіп, 234 852 данаға жетті. Нарықта қытай брендтері жылдам өсуде, олардың үлесі пайыздық тұрғыдан өзгеріссіз қалса да (39%), саны бойынша өсті. Қытай брендтері арасындағы бәсекелестіктің артуы Changan CS55 Plus айқын көшбасшы екенін көрсетті. Аталған модельдің бір жылда 5558 данасы сатылған. Бұл брендтің 2022 жылы Astana Motors құрамында Changan дистрибьюторлық желісі ресми ашылғаннан бергі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіші.

Changan CS55 Plus

CS55 Plus көлігінің табысы көбінесе оның үйлесімді өнім ұсынысына байланысты. Модельдің ерекше дизайны, жоғары деңгейдегі жабдықтары мен жайлылығы қалалық кроссовер сегментін ұнататындардың көңілінен шығады. Көліктің арнайы Қазақстанның ауа-райы пен жол жағдайларына бейімделуі де маңызды рөл атқарды.

Интерьер Changan CS55 Plus

Тағы бір айт кететін жайт, 2025 жылы Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндiрiстiң іске қосылуы, Changan көлiктерiнiң бағасын төмендетiп, оларды одан да қолжетімді еттi.

Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының дәнеукерлеу цехы

Қазіргі уақытта ресми дилерлерде модельдің әртүрлі жинақтамада екі нұсқасы ұсынылған.

Changan CS55 Plus (екінші буын) бағасы 9 890 000 теңгеден басталады. Капот астында 181 ат күші мен 280 Нм айналу сәтін шығаратын 1,5 литрлік турбокомпрессорлы қозғалтқыш бар. Ол 7DCT автоматты механикалық беріліс қорабымен жұптастырылған. Оның өлшемдері қалалық жол талғамайтын көлікке тән, ұзындығы 4515 мм, доңғалақ базасы 2656 мм.

Жаңартылған CS55 Plus (үшінші буын) бағасы 11 090 000 теңгеден басталады. Ол да сондай технологиямен жабдықталған, бірақ шанағы 4539 мм-ге дейін өсті, сыртқы және ішкі бөлігі жаңартылып, жаңа опциялар қосылды.

Жаңартылған CS55 Plus (3 буын)

CS55 Plus көшбасшы болуы Changan компаниясының сәтті стратегиясын және қазақстандық көлік жүргізушілерінің өзгеріп отыратын қалауларын көрсетеді. Сатып алушылар технологиялық тұрғыдан дамыған, жақсы жабдықталған және құны айқын кроссоверді таңдайды.

Модельдер мен Changan компаниясының Қазақстандағы маңызды ұсыныстар туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік парақшамыздан, changan-auto.kz сайтынан немесе 7007 нөмірінен біле аласыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *