Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ербол Қарашөкеев тыл ардагері мен еңбек адамын әйелдер күнімен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тыл ардагері Фарида Алтаева мен еңбек адамы Раушан Ережепованың шаңырағына арнайы барып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Фарида Алтаева 1930 жылы дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, 37 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, білім саласында жемісті еңбек етті.

Өмірлік серігі – қоғам қайраткері, марқұм Баттал Жаңабаевпен бірге ел дамуына өзіндік үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бүгінде 2 қыз, 1 ұлдан тараған немере-шөберелерінің қызығын көріп отыр.

Өңір басшысы ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолына тоқталып, ізгі тілегін жеткізді.

– Бір ғасырға жуық ғұмыр кешіп, тағылымы мол өмір жолын қалыптастырдыңыз. Саналы ғұмырыңызды білім мен тәрбиеге арнап, ұзақ жылдар ұстаздық еттіңіз. Халқымыз «Ұстаз – ұлы есім» дейді. Сіздің өмір жолыңыз осы сөздің шынайы мәнін айқын көрсетеді.

Сіз соғыс жылдарының ауыр кезеңін бастан өткерген тыл ардагерісіз. Қандай уақытта да еңбек пен жауапкершілікті биік ұстадыңыз. Ұзақ жылғы еңбегіңіз бен елге сіңірген қызметіңіз кейінгі ұрпаққа үлгі. Сізге зор денсаулық, шаңырағыңызға амандық тілеймін. Мереке құтты болсын! – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Қант зауытында ширек ғасырға жуық еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған Раушан Ережепованы да көктемнің көркем мерекесімен құттықтады.

Аймақ басшысы Ережеповтар әулеті еңбегімен және татулығымен танылған өнегелі отбасы екенін атап өтті.

– Сіз – шаңырақтың берекесі мен жылуын сақтап отырған ардақты анасыз. Жолдасыңыз Толыбай ағамыз бен үш ұлыңыз ел тыныштығын қорғап, өрт сөндіруші қызметін абыроймен атқарып келеді.

Осындай жауапты мамандық иелеріне тірек болып, оларды әрдайым алаң көңілмен күтіп алатын Сіздей аналар қашанда құрметке лайық, – деді өңір басшысы.

Сообщение Ербол Қарашөкеев тыл ардагері мен еңбек адамын әйелдер күнімен құттықтады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *