Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Борттағы ғажайып“: дәрігерлер Астанадан шыққан рейсте болашақ ананы құтқарып қалды

18 наурызда Астана – Орал бағытындағы рейсте тосын оқиға болды. Ұшу кезінде аяғы ауыр жолаушының кенеттен толғағы басталған. Жағдай шұғыл көмекті қажет етті, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Не болды?
Жолаушылар арасында оралдық хирург Таубай Байжекенов болған. Ол бірінші болып үн қатып, көмек көрсете бастады.

"Кеше Астана – Орал бағытындағы рейсте ерекше жағдайға тап болдым. Ұшу барысында аяғы ауыр келіншектің суы кетіп, шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келді. Дәрігер ретінде мұндай сәттерде сабыр сақтап, бар білім мен тәжірибемді дұрыс қолдану маңызды. Нәтижесінде дүниеге ұл бала келді. Алла қаласа, ер жетіп, тәй-тәй басып, өмірде өз жолын табатын азамат болсын. Барлығы сәтті аяқталды. Осындай сәттер мамандығымның қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін тағы бір рет еске салады", - деп жазды ол.

Скриншот: Threads/@bekzhanuli07
Бортта Таубайдан бөлек тағы бір дәрігер болған. Оған Фарида есімді остеопат-дәрігер көмектесті.

"Босану бортта басталған жоқ - толғақ тоқтап қалды. Жүктілік мерзімі 27 апта болған, әйелде қатар жүретін аурулар болып, қан кету басталған, сондықтан ұшақ шұғыл қонды", - деді дәрігер.

Таубайдың айтуынша, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған. Жолаушының ұл босанғанын ол кейін білген.
Әуекомпаниясы не дейді?
Біз әуекомпаниясының баспасөз қызметіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын білдік.

"FlyArystan әуекомпаниясы 2026 жылғы 18 наурыздағы Астана – Орал бағытындағы FS7367 рейсінде болған штаттан тыс жағдай туралы хабарлайды. Экипаждың жедел әрекеті мен жолаушылардың көмегі арқасында медициналық қолдау уақтылы көрсетілді", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Компания мәліметінше, жолаушының 27-аптадағы жүктілігінде асқынулар басталған.

"Ұшақ бортындағы жолаушылар арасында екі дәрігер болды, олар экипаж сұрауына бірден үн қатып, қажетті көмек көрсетті. Жолаушының жағдайын және борттағы дәрігерлердің ұсынысын ескере отырып, әуе кемесінің командирі ұшақты ұшып шыққан әуежайға қайтару туралы шешім қабылдады", - деп мәлімдеді тасымалдаушы.

Әуекомпания мәліметінше, Астанаға қонғаннан кейін жолаушы медицина мамандарына тапсырылған. Ол ұл босанды, қазір нәресте дәрігерлердің бақылауында.
FlyArystan баспасөз қызметі пікір қалдырып, көмекке келген дәрігерге құрмет білдіріп, алғыс айтты.

"Әуекомпания Астана – Орал бағытындағы рейсте көрсеткен кәсіби медициналық көмегіңіз үшін сізге шынайы алғысын білдіреді! Сіздің жылдам әрекетіңіз бен жауапкершілігіңіз жолаушыға қажетті көмекті уақытында көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл – мамандығыңызға адалдық пен адамгершіліктің үлгісі", - деп жазған әуе компаниясы өкілдері.

Айта кетейік, әр әуекомпанияның аяғы ауыр әйелдерді тасымалдауға қатысты өз талаптары бар. Мысалы, барлық әуекомпанияда 22 аптаға дейін ешқандай шектеусіз ұшуға болады, ал одан кейінгі мерзімдерде денсаулық жағдайы туралы дәрігердің растауы немесе анықтама талап етіледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *