Көк Орда
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқыған кезде Көк Орда деген ұлыс атауы кездеседі. Көк Орда тарихи деректер мен кейінгі зерттеулерде жиі айтылғанымен, әлі нақты бекітілмеген атау болып табылады. Көк Орда жөнінде ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Бірқатар тарихшылар Көк Орда дегеніміз Бату жері, ал Ақ Орда дегеніміз Орда Еженнің иелігі деп санайды.