Қазақстандық боксшы профиде оныншы жеңісіне жетті
![Қазақстандық боксшы профиде оныншы жеңісіне жетті](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2019/news_299533/thumb_b/photo_57917.jpg)
24 жастағы жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Мұса Тұрсынғалиев Панама спортшысы Рикардо Нуньесті мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кездесу сегіз раундқа жоспарланған, бірақ алтыншы раундта тоқтатылып, ұпай нәтижесі бойынша Тұрсынғалиев жеңіске жетті.
Әлі жеңіліп көрмеген Турсынғалиевтің бұл профидегі оныншы жекпе-жегі және кезектен тыс жетінші жеңісі болды.
Жекпе-жек Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтті. Сондай-ақ, бұл шоуда ауыр салмақты қазақстандық Иван Дычко мерзімінен бұрын жеңіске жетті.