Өмірзақ Шөкеев «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды
АРЫС. ҚазАқпарат - «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Арыс қаласына арнайы келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кеудесіне төсбелгі тақты, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.