Мақтанышым-Әкем!
Bilimland.kz сайтына жарияланған қаламгерлер сайысына өзімнің жазған эссемді жариялағым келді. Бұл эссе менің әкем туралы жазылған.
Ғаламтордан Нұрболат Абдуллиннің көзіне жас алып тұрып орындаған «Менің әкем -ең жақсы адам!» деген әнін естігенде еріксіз менің көзіме де жас келді. «Менің де әкем керемет адам!»,- деп сахнада ән етіп айта алмасам да, сыртқа шығып таныстарыма айтып, айқайлап , бәріне айтқым келді. Бізге ата-ана туралы айтыңдар десе көбіне анамызды бірінші айтатынымыз айдан анық. Оған менің қарсылығым жоқ. Дегенмен мен үшін әкемнің сөзі, отбасындағы орны, анама, ата-әжеме, балаларына қамқорлығы ерекше. Әкеміз кейде үйде болмай жолаушылап кетсе, оның орны ерекше ойсырап тұратын. Ал анамыз бен әкеміз қатар отырып, бірге тамақтанып, бірге әңгімелесіп, ой бөліссек мен үшін одан артық бақыт жоқ тәрізді. ...