НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева инклюзивті білім беру деңгейінің төмендігі мен дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымның жоқтығы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.