Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Халықаралық ұйымдар Астананы Қаңтар оқиғасындағы азаптау фактілерін қайта тергеуге үндеді

Халықаралық ұйымдар Астананы Қаңтар оқиғасындағы азаптау фактілерін қайта тергеуге үндеді

Брюссельде орналасқан Адам құқығы бойынша халықаралық серіктестік үкіметтік емес ұйымы (IPHR), Азаптауға қарсы коалиция және Қазақстандағы адам құқығы бюросы 31 қаңтарда Астанада Қаңтар оқиғасына қатысты есебін жариялады.

"Біз қазір жылай да алмаймыз" – Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау, қатыгездік және заңсыздық" деп аталатын есепте былтыр қаңтарда Қазақстанда адам құқығының "өрескел бұзылғаны" жайлы айтылады.

IPHR ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Рэйчел Гасовски Астанадағы жиынға онлайн қосылып, Қазақстан билігіне бес ұсыныс жасады:

Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау фактілерін "жіті, тәуелсіз түрде тергеп", халықаралық стандарттарды ұстанатынын көрсету; тергеуге халықаралық сарапшыларды араластыру.

"Дәлел жоқ" деп және қылмыс құрамы жоқ деп жабылған азаптау істерін қайта қарау.

Әділ сот арқылы барлық кінәліні сотқа тарту.

Азапталғандар мен олардың отбасыларына құқықтық қорғау көрсетіп, шығынын өтеу.

Медициналық қызметкерлердің азаптау мен қинауға қатысы бар-жоғын тексеріп, жауаптылар болса сотқа тарту.

"Қазақстан билігі сөзден іске көшіп, Қаңтар оқиғасы кезінде азаптағандарды жауапқа тартып, азаптау көргендерді қорғап әрі өтемақы беруі керек" деді Гасовски.

Жиынға қатысушылар Қаңтар оқиғасына қатысты көптеген фактілер ұсынды. Отырысқа Қаңтар оқиғасында азапталдық деген алматылық Саят Әділбекұлы мен атыраулық журналист Олеся Вертинская қатыстып, бастан өткен оқиғаларын айтып берді.

Азаптау туралы жиынға Бас прокуратура өкілі Біржан Мажренов пен ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қатысты. Олар жиында айтылған фактілерді жоққа шығаруға тырыспады және биліктің азаптауға қатысты осыған дейінгі ұстанымдарды айтты.

Әділов сөзінде "бұл жұмыс біз үшін маңызды" деп, "азаптау болған" тергеу изоляторларында камералар орнатылғанын айтты. "Қазір кез келген азаптау белгілері бар шағымдар тергеледі" деді ол. Екі шенеунік белсенді Айбек Сәбитов сөз сөйлеген соң залдан шығып кетті.

"Мен сенбеймін. Сіздер, ІІМ, прокуратура, антикор қызметкерлері шаблонмен сөйлейсіздер. Оперативті қызметкерлер үш күн бойы адамдарды ұрғанын өз көзіммен көрдім. Адамдарды қабырғаға жабыстырып, ешкімді көрмейтіндей тұрғызып қойып, ұрды" деді Қаңтарда азапталдым деген Сәбитов.

Жиынға БҰҰ азаптау бойынша бұрынғы арнайы маманы Манфред Новак, Бүкіләлемдік азаптауға қарсы ұйымының бас хатшысы Геральд Стаброк қосылды.

Гасовск "жүздеген адам полиция бөлімдерінде, қамау орыны ретінде қолданылған спорт орталықтарында, көшеде, медициналық мекемелерде азапталған" деді.

"Біз адамдарды аямай ұрған, үтікпен қинаған, электр тоқтарын қолдану, басына қап кигізіп ұру, ыстық су я мұздай су құю, тісін жұлу, сексуалдық қорлау сияқты азаптау әдістері болғанын құжатқа тіркедік" деп сөзін жалғады Гасовски.

Есепте әйелдер, балалар, мүшедектер, шетелдіктер бары айтылған және жараланған адамдарды ауруханадан тергеу изоляторына апарып азаптағаны да қосылған.

Жиында мамандар "Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасындағы азаптау фактісіне қатысты ашық тергеу жүргізе алмағанына алаңдайтынын, халықаралық тергеуді кіргізбегенін" айтты.

5 қаңтарда парламентте Қаңтар туралы тыңдауды бас прокурор Берік Асылов елде азаптау арыз-шағымдары бойынша 329 іс қозғалғанын, ҰҚК мен полицияның 34 қызметкерінің ісін прокуратура қарап жатқанын хабарлады.

17 қаңтарда балалар үйінің тәрбиеленушісі Тимур Радченконы азаптау ісі бойынша екі полицей үш жылға сотталса, бір полицейдің бас бостандығы шектелді.

25 жыл бұрын Қазақстан БҰҰ азаптауға қарсы конвенцияны ратификациялаған. Құқық қорғаушылар Қазақстанда полицейлер тарапынан азаптау фактілері көп болса да, оларды жауапқа тарту қиын екенін мәлімдеп келеді. Полицейлердің үстінен азаптау шағымы түссе, бұл арыз сотқа сирек жетеді.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Тазики и ведра. Жители нового ЖК в Химках почти два года жили без воды

Компромат на Киркорова: стало известно, за что Успенская угрожает Джугелии

В разрезе добыли аресты // Ликвидатору шахт и подрядчику инкриминируют мошенничество с бюджетными деньгами

Названы самые «зеленые» районы Москвы: что важно учесть для выбора квартиры

Музыкальные новости

Уникальные места России. Военно-патриотический комплекс “Патриот” — одна из достопримечательностей Каменска-Шахтинского

В 11 регионах России будет снижена допустимая доля трудовых мигрантов

Ирина Ортман оставляет в прошлом «Всё, что было вчера».

Академия Готового Арендного Бизнеса — больше чем просто обучение

Новости России

По городам и БРИКСам // Россия и Глобальный Юг будут дружить муниципалитетами

В честь оперной дивы: Грандиозное культурное событие

Возвращение премии Муз-ТВ: Киркорова посадили в клетку, а Бузова приехала с карликами

Представлен самый грузоподъемный дрон в России

Экология в России и мире

Культурное лето с Dhawa Ihuru

Kenzo, коллекция menswear весна-лето 2025

Легенда о «300-х русских школах» в Азербайджане

Новые звуковые зубные щетки Revyline RL 075 в персиковом цвете появились в Новосибирске

Спорт в России и мире

Даниил Медведев представил форму, в которой выступит на Уимблдоне

Хуркач о реванше со Зверевым: «В голове сидел тот матч в финале United Cup»

Рыбакину "оставили" без Уимблдона

Калинская оценила выход в финал турнира в Берлине и вспомнила о Синнере

Moscow.media

Врач предупредил о смертельной опасности спорта после застолья

Несчастливый перекресток. На трассе "Орел-Брянск" в д. Образцово произошло ДТП

Военные следователи приняли участие в патриотической акции «Свеча памяти» в городе-герое Севастополе

В Югре готовят к реализации два дорожных инвестиционных проекта







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *