Қызылорда-Жезқазған автожолының биыл 100 шақырымы аяқталады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметі аппараты басшысының бірінші орынбасары Ғабит Сыздықбеков Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге өңірдегі «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары және Сырдария өзенінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.