Алматыда үй жануарларына қатысты жаңа ереже күшіне енді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Оңтүстік астанада бүгінен бастап үй жануарларын аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру және серуендетудің жаңа ережелері күшіне енді. Аталған ережені осы жылдың қаңтар айында Алматы қаласының мәслихаты бекіткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.