СҚО-да қазақи ауыл атаулары неліктен өзгертілген – архив директорының мәліметі
![СҚО-да қазақи ауыл атаулары неліктен өзгертілген – архив директорының мәліметі](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/11/24/221124165016308e.jpg)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 661 елді мекен болса, соның тек 225-і ғана қазақша аталған. Ескірген, мән-мағынасы жоқ атауларды өзгерту бағытында өңірде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, тек соңғы үш жылда 400-ге жуық көше аты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.