Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зерттеу: Путиннің досы Өзбекстанның газ секторынан қалай пайда көрді?

Зерттеу: Путиннің досы Өзбекстанның газ секторынан қалай пайда көрді?

Ресейдің Еуропаға арзан газ тасымалдауды тоқтатып, "бопсалауға" тырысуы сәтсіздікке ұшырады. Есесіне Ресеймен одақтас Өзбекстан қытымыр аязда "тоңды": бұл елде мұнай-газ жобаларының қызығын көрушілер Ресей президентінің айналасындағыларға жақын адамдар болып шықты.  

Өзбекстанда көп жылдан бері бірінші рет қыс қатты болып, елдің газ және энергетика жүйесі апатқа ұшырады. Президент Шавкат Мирзияев қаңтарда дағдарысқа жоғары шенді шенеуніктер мен технократтарды кінәлап, біраз адамды қызметінен босатты.

– Суыққа тоңып отырған әр адам, әр отбасы үшін уайымдаймын. Әр басшы осыны сезінуі керек. Биылғы суықта жүйенің жағдайы белгілі болды, – деді Шавкат Мирзияев 16 қаңтарда өткен жиында. Ол осы жиында бірқатар шенеунікті, оның ішінде Ташкент әкімін орнынан алып тастады.

Азаттықтың Өзбек қызметі жүргізген зерттеу Мирзияев әкімшілігіне мұнай мен газ өндірісін арттыру жобасы біраз мәселеге себеп болуы мүмкін екені үш жыл бұрын айтылғанын анықтады. 

Бұған қоса, бұл жобалардың негізгі бенефициарлары – Өзбекстан мен Ресейдің саяси инсайдерлері басқаратын ашықтығы жоқ компаниялар екенін журналистер анықтады. Олардың арасында Владимир Путинге жақын миллиардер де бар. 

Азаттық радиосы Өзбек қызметінің қолына 2020 жылы қаңтарда Мирзияев әкімшілігіне арнап дайындалған құпия ведомствоаралық баяндама қорытындысы түсті. Онда президенттің энергетикалық жобасы аясында жасалған келісімшарт елдің энергетикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, газ тапшылығына әкелуі мүмкін деп жазылған.

16 қаңтарда Ташкентте өткен отырыста Мирзияев Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысына газ дағдарысына байланысты қызметінен босатылған шенеуніктер жұмысын тексеріп, заңды бұзғаны анықталса, қатаң жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Бұл сөздер Мирзияев әкімшілігіне 2020 жылы қаңтарда берілген құпия баяндама қорытындысын еске салады. Бірақ онда ықтимал қылмыскерлер тізімі әлдеқайда ұзын болған.

Баяндама авторлары Мирзияевтан энергетика министрлігі мен “Өзбекмұнайгаз” мемлекеттік компаниясы басшылығын түгел ауыстырып, оларды мемлекетке экономикалық залал келтіріп, президент әкімшілігіндегі шенеуніктермен сөз байласқаны үшін жауапқа тартуды сұраған.  

Азаттықтың Өзбек қызметі Мирзияев әкімшілігіне, энергетика министрлігі мен “Өзбекмұнайгаз” мемлекеттік компаниясына хабарласып, зерттеу қорытындысына қатысты пікір білдіруді сұрады. Бірақ мақала жарияланғанға дейін еш жауап келмеді.

ҚҰПИЯ БАЯНДАМА

Бұрынғы президент Ислам Каримов тұсында Өзбекстан Ресейдің энергетикалық компанияларымен, оның ішінде “Газпроммен” газ өндірісі мен тасымалына қатысты бірнеше келісімшартқа қол қойған. Бірақ елді ұзақ жылдар басқарған Каримов Мәскеудің Орталық Азиядағы бастамаларына күмәнмен қарап, Путин құрған Еуразия экономика одағына кіруден бас тартқан. 

2016 жылы қыркүйекте Каримов қайтыс болғаннан кейін Путин мен “Газпром” президент қызметін атқарушы Мирзияевпен байланыс орнатуға тырысты.

Көп ұзамай Өзбекстанның жаңа басшысы Ресеймен жұмыс істеуге мүдделі екені белгілі болды. 

2016 жылы қазанда Мирзияев “Өзбекстанмұнайгаз” және “Газпромның” швейцариялық еншілес компаниясы құрған бірлескен кәсіпорынға Өзбекстанның болашағы бар кен орындарында геологиялық барлау жүргізу және бұрғылау құқығын беретін жарлыққа қол қойды. 

2017 жылы наурызда Мирзияев Natural Gas-Stream бірлескен кәсіпорнына бюджеті 3,9 млрд долларды құрайтын жобаны жүзеге асыруды тапсырды. Бұл қаржыны “Газпромбанк” бөлген. Бағдарламаның мақсаты – «халық пен мемлекеттің көмірсутегі ресурстарына қажеттілігін тұрақты түрде қамтамасыз ету”.

Бағдарламаға сәйкес, “Өзбекмұнайгаздың” өндірісі жыл сайын 6,3 млрд текше метрге өсіп отыруы тиіс.

Аталған бағдарлама мен басқа да ірі энергетикалық жобалардың қалай жүзеге асып жатқанын қадағалау үшін Мирзияев 2019 жылы қарашада ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, жоспардағы және қолға алынған 35 жобаны талдауға берген. Жобалардың жалпы құны 39 миллиард доллардан асады. Мұны жұмыс тобымен таныс әртүрлі ақпарат көздері мен Азаттықтың қолындағы баяндама да растайды. 

Жұмыс тобының қорытындысына қарағанда, жобаны жүзеге асыру кезінде тиімсіздік, бағаны көтеру, ашықтықтың болмауы сияқты көп кемшілікке жол берілген.

Топ мүшелері (арасында мемлекеттік энергетикалық компания, геология және минералды ресурстар комитеті, есептік палата сарапшылары бар) жалпы құны 24,5 миллиард долларды құрайтын 17 жобаның екеуі (құны 3,9 млрд доллар) пайда әкелмейді, алтауы (тоғыз миллиард) тиімсіз, ал қалған үшеуін (5,8 млрд доллар) қайта қарау керек деген қорытындыға келген. 

17 жобаның арасында Мирзияев ұсынған, көмірсутегі өндірісін арттыруға арналған төртжылдық бағдарлама да бар. 

«Би-Пи» корпорациясының дерегінше, Өзбекстанның дәлелденген газ қоры 800 млрд текше метрді құрайды. Мирзияевтың бағдарламасында газ өндірісін жыл сайын 6,35 млрд текше метрге өсіру қарастырылған. Жұмыс тобының баяндамасында 2018 жылы газ өндірісі жоспарланған көлемнің 33% дейін ғана өскені айтылады. Азаттық радиосының Өзбек қызметі танысқан есеп те газ өндірісінің көлемі жоспарланған қарқында жүрмей жатқанын растайды.

Желтоқсанда қатты суық болып, газ тапшылығы сезілгенде энергетика министрлігі ресурстардың сарқылуы мен газ өндірісі кезіндегі апат салдарынан «Өзбекмұнайгаз» компаниясының өндіріс көлемі жыл сайын қысқарып жатыр деп мәлімдеді.

Бірақ үш жыл бұрын жұмыс тобы жағдайға басқа баға берген. Баяндамада мұнай-газ саласын тұрақты дамытуға кедергі келтіріп отырған, мемлекет мүддесіне қайшы мәселелер мен заңбұзушылықтар анықталғаны жазылған. 

Сынның негізгі бөлігі Мирзияев бағдарламасының бас мердігерлері – Eriell Group және Enter Engineering компанияларына бағытталған. Баяндама авторлары оларды өз қызметінің бағасын көтеріп, субмердігерлерге құрал-жабдық беру және оны модернизациядан өткізу бойынша келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін орындамады деп айыптайды.

Мирзияев бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде Eriell өз қызметінің бағасын 400 млн долларға көтерген. Бірақ бұрғылау және жөндеу жұмыстарын субмердігер “Өзбекмұнайгаз” компаниясы келісімшартта көрсетілген сомадан да арзан бағаға орындаған. 

Бұл тұжырым сол жылы Boston Consulting Group (Азаттықтың Өзбек қызметінің қолында құжаттың көшірмесі бар) жасаған құпия бағалау қорытындысына сәйкес келеді. Баяндамада Eriell «Өзбекмұнайгаз» нысандарындағы мердігер монополист саналады. Eriell делдалдығының арқасында қызмет бағасы екі-төрт есе қымбаттап кеткен. Бұл жұмысты “Өзбекмұнайгаз” өзі орындаса, қызмет құны әлдеқайда арзанға түсер еді.

Әртүрлі қаржылық деректерге қарағанда, Eriell Group пен Enter Engineering өзбек-орыс желісіндегі негізгі операторлар саналады. Бұл желіге Кремльмен байланысы бар олигархтар, күш құрылымдары басшыларының балалары және мемлекеттік компаниялар, “Газпромға” жақын, самарқандтық кәсіпкер мүше. 

ТАҢДАУЛЫЛАР

Eriell Corporation 1999 жылы құрылған: компанияны Самарқандта туған Бахтиер Фазилов Прагада тіркеген. Басында компания ресейлік бұрғылау құрылғыларын Өзбекстанға сатумен айналысқан. Кейін өзі де келісімшарттар жасап, «Өзбекмұнайгазбен» әріптестігінің арқасында бұрғылау саласында Өзбекстанның мұнай және газ кен орындарындағы монополиске айналды.

2008 жылы Eriell Ресей нарығына шығып, «Газпром», «Роснефть», Тимченко Новатэк газ компаниясы сияқты алпауыттармен келісімшартқа отырды. Кейін «Газпромбанк» 100 млн долларға Eriell акциялар пакетінің 46 пайызын сатып алды. 

2016 жылы Мирзияев билікке келгенде Eriell  компаниясы мен Бахтиер Фазиловтың тасы өрге домалады. 

Кейінгі алты жылда Eriell мен Enter Engineering (Фазилов пен «Газпромбанк» иелігіндегі тағы бір компания) жалпы құны 23 млрд долларды құрайтын тоғыз ірі мұнай-газ жобасында бас мердігер болған.

Қаржылық есеп деректеріне қарағанда, 2017 және 2018 жылдары аталған компаниялар Өзбекстанның мұнай-газ кен орындарында 1,9 млрд долларға құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімшартқа отырған.

– 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Бахтиер Фазиловтың рұқсатынсыз бір де бір текше метр газ сыртқа шығарылған жоқ, – деді кәсіпкердің аты-жөнін көрсетпеуді сұраған серіктестерінің бірі.

Қаржылық құжаттар бойынша, Ұлыбританияның патша иелегі саналатын Джерсиде тіркелген Eriell компаниясының жылдық айналымы миллиард долларға жетеді.

Eriell компаниясының түпкі бенефициарларын табу қиынға соқты. Құжаттарға қарағанда, компанияны Фазилов, «Газпромбанк» және Тимченко мен оның күйеубаласының компанияларымен бірдей мекенжайда тіркелген ресейлік AMGA Consulting компаниясы басқарады. 

Тимченконың іскерлік серіктестері Eriell-дің үлескер компанияларымен де байланысты.

2019 жылдың желтоқсан айындағы қаржылық есепке қарағанда, Enter Engineering (Фазилов Кипрдегі компания арқылы осы компанияның шешуші акцияларына иелік етеді) миллиард доллар табыс тапқан. Бұл жерде Өзбекстандағы жобалар туралы айтылып отыр. Оның 670 миллионы энергетика саласындағы жобалар. 

Өзбекстанның энергетика секторындағы ақпарат көздері Фазиловты «Газпромның» Өзбекстандағы маңызды адамы деп таниды. 

“Газ саудасы толықтай соның қолынан өтеді”,  – деді кәсіпкердің серіктестерінің бірі. 

Корпоративті құжаттарға сәйкес, Фазиловтың ұлттық қауіпсіздік қызметі бұрынғы басшыларының балаларымен іскерлік байланысы бар. 

Ол ұлттық қауіпсіздік қызметінің полковнигі Эркин Убайдуллаевтың ұлдары Фазилов Равшан және Еркін Убайдуллаевпен, 1991-2018 жылдары ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған Рустам Инаятовтың ұлы Шариф Инаятовпен бірге көп компанияның серіктесі саналады. 

Ағалы-інілі Убайдуллаевтар мен Шариф Иноятов бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

Фазилов Азаттық радиосының Өзбекстанның энергетикалық секторындағы іскерлік операциялары мен қаржылық мүддесі туралы сұраған хатын жауапсыз қалдырды. Бірақ Ольстер университетінің өкілі Кристиана Ласслеттаға жіберген жауабында Фазилов бұл сұрақтарда қате, нақты емес және толықтырылмаған ақпарат қамтылғанын айтады. 

«Өкінішке қарай, іскерлік байланыстардың құпиялығына байланысты сұрақтарыңызға жауап бере алмаймыз. Бірақ сізге ақпарат берген адамдар қателескен», – деген Фазилов электронды почтаға жіберген жауабында.

МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІНЕ ҚАЙШЫ

Eriell мен Enter Engineering Фазиловпен және ресейлік кәсіпкерлермен байланысы бар жалғыз компания емес. 

Фазилов кипрлік Altmax компаниясының негізін қалаушысы әрі акционері. Мирзияевтың тұсында басталған бірнеше газ жобасында (сутегі өндірісін арттыру бойынша төрт жылдық бағдарламаны қосқанда) үлесі бар. 

Altmax «Өзбекмұнайгазбен» (Мирзияев бюджеті 3,9 млрд долларды құрайтын бағдарламаның операторы етіп бекіткен).

Almax-тың 2017 жылғы қаржылық есебі бұл компанияның Мирзияевтің энергетикалық жобаларында қандай рөл атқаратынын көрсетеді. Бұл құжаттарға сәйкес, сәуірде Altmax пен оның Natural Gas-Stream бойынша серіктестері Өзбекстан үкіметімен келісімшартқа отырып, 35 жыл бойы елде мұнай-газ саласындағы кез келген жобаны жүзеге асыру құқығына ие болған. 

Бірақ жұмыс тобының құпия баяндамасына қарағанда Natural Gas-Stream компаниясының Мирзияев бағдарламасын жүзеге асырудағы қызметін ойдағыдай орындамаған. 

Natural Gas-Stream елдің оңтүстік-шығысындағы Мубареке өңіріндегі «Өзбекмұнайгаз» зауытынан ішкі қажеттіліктерге арналған газды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағада экспорттаған. Табысын операциялық шығындар мен “Газпромбанктегі” несиесін төлеуге жұмсаған. Бұл несие бас мердігер Eriell компаниясының қызметтерін төлеу үшін алынған. 

«Нәтижесінде Natural Gas-Stream қызметінен табыс түспейді, керісінше “Өзбекмұнайгаздың” мойнына шығын болып отыр», – делінген баяндамада.

Фазилов Altmax-тың негізін қалағалы компанияның меншік құрылымы бірнеше рет өзгерген. Қазір компанияның бір бөлігі сингапурлық компанияға, екіншісі кипрлік компанияға тиесілі. Кәсіпкердің сөзінше, бұл компания ресейлік миллиардер, Ресей  шахмат федерациясының президенті, Тимченконың бизнес серіктесі Андрей Филатовқа қарайды.

Филатов Азаттық радиосының Өзбек қызметі Altmax және Фазиловпен байланысы туралы сұрақ қойғаннан кейін екі күннен соң  Ресейдегі шахмат федерациясының сайтында  Фазиловтан сатып алған компанияның 50 пайыз үлесіне ие екенін жазды. 

– Кәсіпкер ретінде көп салаға, оның ішінде мұнай-газ секторына қызығамын. Фазилов мырзаның беделі жоғары, ары таза азамат екеніне күмәнім жоқ, бірақ біз бизнес серіктес емеспіз, – деді ол 3 ақпанда жариялаған мәлімдемесінде.

Жұмыс тобының құпия баяндамасы Мирзияевтің Altmax компаниясына берген энергетикалық жобаларында мәселе көп екенін көрсетеді. Мәселен, кипрлік компанияның корпоративті ашықтығына қатысты күмән бар.

Жұмыс тобының баяндамасында “мұндай меншік құрылымы ашық қаржылық қызмет жүргізуге, шетелдік құрылтайшылар үлесін бағалауға мүмкіндік бермейді” делінген. Келісімшарт бойынша, Өзбекстан тарапы табыстың 10 пайызын ғана алады, бұл мемлекет мүддесіне кірмейді.

ТИМЧЕНКОНЫҢ СЕНІМДІ АДАМЫ

2018 жылы 19 қазанда Мирзияев пен Путин Ташкентте дөңгелек үстел басында қос мемлекеттің өкілетті тұлғаларымен бірге отырған. 

Мирзияев екі жылдан кейін қос мемлекет арасындағы сауда айналымы 10 млрд долларға жетуі мүмкін деп, Путинге ризашылығын білдірген. Осы кездесуде Өзбекстан басшысы алдағы бес жылда ресейлік компаниялармен  25 млрд долларлвқ  ірі келісімшарттарға қол қойылғанын айтып, жетекші бизнес өкілдерінің тізімін шолып шыққан.

Бұл тізімде белгілі ресейлік «Газпром», «Лукойл», «Росатом», «Газпромбанк» және «ВТБ» сияқты компаниялар бар. Олардың арасында көпшілік біле бермейтін, Өзбекстан президенті қателесіп, “Ворус” деп оқыған компания да болды. 

Шын мәнінде компания «Форус» деп аталады. Ол Петербургте тіркелген. Бір жыл бұрын иегері 27 жастағы заңгердің көмекшісі болған.

Путин мен Мирзияев кездесуінен екі күн бұрын «Форус» пен “Өзбекмұнайгаз” еншілес компаниясы Gazli Gas Storage деп аталатын бірлескен кәсіпорын құрған. Кәсіпорын акциясының 60 пайызы «Форусқа», 40%, Өзбекстанның мемлекеттік энергетикалық компаниясына тиесілі. 

Екі аптадан кейін Мирзияев үкіметтің ешкім танымайтын ресейлік компаниямен неге серіктес болғанын түсіндірді. Компаниямен серіктестік туралы жарлық жарияланбаған, Бірақ бұл құжат Азаттықта бар. Жобаға сәйкес, «Өзбекмұнайгаз” бен «Форус» Бұхар облысы Газли қаласындағы газ қоймасының көлемін үлкейтеді. 

Газ көлемі 3-тен 10 млрд текше метрге дейін артады деп жоспарланған. Компаниялар сондай-кқ Газлидегі кен орнына геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын жүргізуі керек. Жоба құны – 850 млн доллар. Бұл – жарғылық капиталы 155 доллардан аспайтын «Форус» үшін үлкен қаржы. 

Газлидегі газ қоймасы Өзбекстанның газ тасымал жүйесінің орталығында  – Ресей, Түркіменстан, Қазақстан мен Қытайға баратын газ құбырларының тоғысында орналасқан. 

Ведомствоаралық жұмыс тобының президент әкімшілігіне дайындаған құпия баяндамасында Газлидегі газ қоймасының стратегиялық маңызын еске салып, оның кеңеюіне қатысты алаңдаушылық білдіреді.

Жұмыс тобының пікірінше, газ қоймасын кеңейтудің экономикалық мәні жоқ. 2019 жылы Boston Consulting Group дайындаған құпия баяндамада бұл жобаның тиімсіз екені айтылады. Сарапшылар стратегиялық нысанды шығу төркіні белгісіз компанияның бақылауына беру елдің энергетикалық қауірсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп тапқан. 

Сонымен Өзбекстанның энергетикалық нысанын қолына алған ресейлік компанияның иесі кім? 

Азаттықтың Өзбек қызметі қарап шыққан құжаттар компанияның негізін қалаған, 2021 жылдың желтоқсанына дейін меншік иесі болған тұлғаның Путиннің ескі досы, 2014 жылдан бері АҚШ пен Еуроодақ санкциясына ілінген Геннадий Тимченконың сенімді адамы екенін көрсетеді.

Ресейдің ресми деректеріне сәйкес, «Форус» компаниясының негізін қалаушы Аида Чачхалия Петербургтегі «Иванян и партнеры» компаниясында халықаралық соттарда Тимченко мен Ресей үкіметінің мүддесін қорғайтын заңгердің көмекшісі болып істеген. 

33 жастағы Чачхалия Тимченкомен бірге оның шарап жасау саласындағы іскерлік мүддесін қанағаттандыратын компания құрған. Қазір ол – компанияның жалғыз иегері. Оның үстіне, Чачхалия – Тимченконың күйеубаласы, былтыр АҚШ санкциясына ілінген Глеб Франктың іскерлік әріптесі.

Өзбекстанның энергетикалық секторындағы ақпарат көздері, оның ішінде “Өзбекмұнайгаз” сарапшысы “Форус”пен Газли жобасының түпкі бенефициары Тимченко деді. 

Тимченко Газли және «Форус» жобасына қатысы туралы сұрақтарға жауап бермеді. 

Азаттықтың Өзбек қызметі «Иванян и партеры» кеңсесіне хабарласып, Чачхалиямен сөйлесті. Ол “Форус” компаниясының негізін қалаушысы және жалғыз иегері ретіндегі рөлі туралы сұраққа «Білуімше, қазір құрылтайшы емеспін. Сіздерге көмектесе алмайтын сияқтымын” деді. Өзінің айтуынша, Чачхалия бірнеше жылдан бері компанияға иелік етпейді.

«Форустың» қазіргі иегері “Газпромға” тиесілі компания арқылы қоғамнан жасырылған. Бұл компания ірі ресейлік компаниялардың акционерлер реестрін жүргізеді. 

Чачхалия Өзбекстандағы инвестициялық мүддесі туралы сұрақтарға жауап бермеді және  журналиске бұл сауалдарды компанияның қазіргі басшыларына қоюға кеңес берді. Бірақ оларды танымайтынын айтты. “Форустың” шынайы иегері болдыңыз ба? деген сұрақ қойылғанда телефон тұтқасын тастай салды.

«Форус» компаниясына жіберілген хат та  жауапсыз қалды.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

"В Москве создают условия, а у нас - только штрафы": ярославцы о выгуле собак

Культовый американский внедорожник вернулся в Россию.

В Петербурге курьер сервиса доставки еды до смерти забил 50-летнего мужчину

Холдинг Yarus group сдал новый муниципальный дом в Соликамске

Музыкальные новости

Бастрыкин: за четыре месяца 2024 года в Москву приехали более 1,2 млн мигрантов

Сборная СЛД «Чита» одержала победу над командой Камеруна в товарищеском матче по футболу

Участники VK Fest смогут проверить свое здоровье на стенде «Будь Здоров»

Участники VK Fest смогут проверить свое здоровье на стенде «Будь Здоров»

Новости России

В Томске проходит четвертый международный старообрядческий форум

Казахстанская биржа собралась вывести Мосбиржу из акционеров

«ЗБ» посмотрел, как реставрируют усадьбу Останкино и её уникальное убранство

Холдинг Yarus group сдал новый муниципальный дом в Соликамске

Экология в России и мире

Театр и Цирк, Культура и Концерт, Россия и Дети: на фестиваль в Якутск приехали директора крупнейших цирков и продюсеры, профессиональные артисты

Витаводород — живая мыслящая материя, основа жизни на Земле

Армяне – герои СВО. Группой бойца чеченского спецназа «Ахмат» Давида Петросяна с позывным «Карабах» посажены около 1000 дронов-камикадзе. ВИДЕО

Аромат романса и романтика слова – звезды оперной сцены представили I Международный фестиваль «Мир классического романса»

Спорт в России и мире

Россиянка Эрика Андреева вышла в финал квалификации Уимблдона

Зарина Дияс сотворила громкую сенсацию на Уимблдоне-2024

Уроженка Тамбова Арина Родионова вышла во второй круг квалификации Уимблдона

Теннисист из Казахстана не сумел пробиться в основной раунд Уимблдона-2024

Moscow.media

Театр и Цирк, Культура и Концерт, Россия и Дети: на фестиваль в Якутск приехали директора крупнейших цирков и продюсеры, профессиональные артисты

ТСД промышленного класса Saotron RT-Т510

Ума палата: в Красноярском крае педофил пожаловался на вымогательство в полицию - и сам попал под проверку

Более 12 млн раз проехали автомобилисты по платной трассе М-12 Восток







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *