Жалынмен күресіп жүргеніне 20 жылдан асқан өскемендік: Біздің жұмыста батылдық керек
![Жалынмен күресіп жүргеніне 20 жылдан асқан өскемендік: Біздің жұмыста батылдық керек](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/02/12/230212165555689e.jpg)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Күн сайын отпен арпалысып, адам жанын ажалдан арашалайтын құтқарушылардың қызметі қауіп пен қатерге толы. Өскемен қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Аян Қызырбековтің бұл салада тер төгіп жүргеніне биыл 23 жыл толып отыр.