Эссе. Тәуелсіздік ұғымын түсінемін...
Тәуелсіздік ол- мәңгі бақыт!
Тәуелсіздік- деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдымызға байтақ әлем, ашық аспан, сол ашық аспан астында өмір сүріп жатқан халықты елестетуге болады. Тәуелсіздік сөзінің өзі үлкен абырой, көп күш- жігерді, қайсарлық пен батылдықты дәріптейтін дүние. Әрине, осы тұста ең алдымен қазақтың қайсар батыр бабалары есімізге түсері анық. Себебі осы тәуелсіздіктің ауасын жұтып сонымен өмір сүріп жүргеніміз батыр бабаларымыздың арқасында екені сөзсіз. Тәуелсіздік сөзін немесе ұғымын әр адам әртүрлі қабылдап әртүрлі ой мен көзқарас білдіруі мүмкін. Ал, менің түсінігіммен тәуелсіздік ол қандай?
Қазақ халқының тәуелсіз ел болуына дейінгі ғұмыры қандай қиын болды десеңші. Расында бұрын ата-бабаларымыз тәуелсіз халық...