ЖЭО-да болған апатқа байланысты Екібастұзда 90 үй жарықсыз қалған
![ЖЭО-да болған апатқа байланысты Екібастұзда 90 үй жарықсыз қалған](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/11/04/221104153304104e.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұз ЖЭО-сында болған апатқа байланысты қаланың электр энергиясы желілеріне 2 есе күш түсіп, кейбір үйлер жарықтан ажыратылған. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен өткен жедел штабтың отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.