Ақтөбе облысында ақтүтек боранда жолда қалғандар құтқарылып жатыр
![Ақтөбе облысында ақтүтек боранда жолда қалғандар құтқарылып жатыр](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/02/23/230223210948228e.jpg)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында ақтүтек боран басылмай тұр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жолда қалған адамдарға, медициналық көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.