СҚО тұрғындары көктемнің шуағын наурыз айының соңында ғана сезіне бастайды - синоптиктер
![СҚО тұрғындары көктемнің шуағын наурыз айының соңында ғана сезіне бастайды - синоптиктер](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/02/28/230228183002929e.jpg)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына биыл көктемнің жылуы бір аптаға ерте келеді. Десек те, синоптиктердің болжамынша, наурыздың басы мен ортасында кей жерлерде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.