Қожа Ахмет Ясауи кесенесі "құлауы мүмкін". Мамандар халықаралық зерттеу жүргізуді сұрайды
![Қожа Ахмет Ясауи кесенесі](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-9172-08dc23cdcbf4_tv_w800_h450.jpg)
Түркістанда бір топ азамат "Қожа Ахмет Ясауи кесенесі құлауы мүмкін" деп алаңдап отыр. Қазір көне ғимарат құзданып, тұзданып кеткен. Кесене жанашырлары шұғыл халықаралық ғылыми-техникалық сараптама тағайындауды сұрайды. Нысанға жауапты музей-қорық әкімшілігі зерттеу жүріп жатқанын айтты.