Дәстүрлі бата үлгілері
Дәстүрлі бата үлгілері, Ұлыстың ұлы күні берілетін бата, Көпшілікке арналған бата, Тойға берілетін бата,
Ұлыстың ұлы күні берілетін
Тышқан жылы тыныштық бер,
Сиыр жылы ырыс-құт бер.
Барыс жылы мал-басымды өсір,
Қоян жылы жайлы қонысқа көшір,
Қой жылы туымызды құлатпа.
Жылан жылы жұрттан жылу сұратпа.
Ұлу жылы ұл-қызымызды жылатпа,
Жылқы жылы жеткізе гөр мұратқа.
Әумин!
Көпшілікке арналған
Жаратқан Алла жар болсын!
Бақ қарап, қыдыр дарысын!
Алла өзі оңласын!
Еш жамандық болмасын!
Дастарханға береке берсін!
Кетпес дәулет, кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір жас берсін!
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін!
Айдан аман сақта,
Жылдан есен сақта!
Тойға берілетін
Тойыңыз тойға ұлассын тағы болып,
Қосылған екі жастың бағы болып,
Сүйсінсін олардағы, ұрпағынан,
Көретін той-қызығы тағы...