«Титаник» жолаушысының сағаты 1,38 млн еуроға сатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық миллионер Джон Джейкоб Асторға тиесілі алтын қалта сағаты британдық аукционда сатылды. Cағат қалпына келтірілген соң оны Астордың ұлы таққан. Сатып алушы АҚШ-тан келген коллекционер болып шықты, деп хабарлайды DW.