Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Белгілі себептермен“. Қазақстанда көлік нөмірлеріндегі 100 комбинацияға тыйым салынған

Қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге деген сұранысына қарамастан, елде жазылуы немесе айтылуы "сөйлеу мәдениетіне жат" деп танылған әріптік тіркестердің ресми тыйым салынған тізімі бар, - деп хабарлайды Tengri Auto.
ІІМ мәліметінше, биылғы наурыз бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде (МТНБ) пайдалануға рұқсат етілмейтін 106 әріптік тіркес бар.
Ведомство мәліметі бойынша, қазіргі уақытта бұл тізім өзгеріссіз қалған.
Қазақстанда қандай нөмірлерге тыйым салынған
Тыйым салынған тіркестер: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.
2023 жылы ІІМ кейбір әріптік комбинацияларға тыйым салу себептерін түсіндірген болатын.
Онда бұл шешімге 2018 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту комитеті жүргізген тілдік сараптама негіз болғаны айтылған.

"Сараптамаға сәйкес, оқылуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат келетін Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің кейбір сериялары тіркеу аясынан шығарылды", – делінген жауапта.

Қазақстандықтар басқа кез келген комбинацияны таңдай алады
Бұған дейін жүргізушілерге көлік нөмірі үшін сандар мен әріптердің кез келген комбинациясын өз бетінше таңдауға рұқсат беру жоспарланып жатқаны айтылған еді.
Жаңа Салық кодексінің жобасында мұндай жеке таңбалар үшін мемлекеттік баж салығын енгізу қарастырылған.
Еске салайық, сұранысқа ие нөмірлердің бағасы 224 124 теңгеден 1 120 620 теңгеге дейін өзгереді. Ең қымбат нөмірлер қатарына 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптік белгілері кірген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *