«TopiQ» - еңбекке баулу пәніне арналған интерактивті оқыту бағдарламасы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Жобаның авторы: Жакупова Бақытгүл ЖеткербайқызыПәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 3-сынып
Жобаның атауы: «TopiQ» - еңбекке баулу пәніне арналған интерактивті оқыту бағдарламасы
Жобаның мақсаты:3-сынып оқушыларына еңбекке баулу пәнін қызығушылықпен меңгерту үшін визуалды, интерактивті және ойын түріндегі тапсырмалармен толықтырылған авторлық оқыту бағдарламасын ұсыну.
Жобаның міндеттері:
- Пән бойынша тақырыптарды жинақтап, құрылымдау;
- Әр тақырыпқа арналған түсіндірме және тапсырмалар дайындау;
- Баланың жас ерекшелігіне сай көрнекі және қарапайым дизайн жасау;
- Бағдарламада марапат жүйесін енгізу арқылы ынталандыру.
Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы:
«TopiQ» - бұл еңбекке баулу пәні бойынша арнайы 3-сынып оқушыларына арналған интерактивті оқыту бағдарламасы. Бағдарламада қағазбен, табиғи материалмен жұмыс істеу,...