Ақтауда ер адам жанармай құю бекетін тонап кеткен: видео
ІІМ мәліметінше, түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен. Күдікті қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.
"Жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!