Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Көкпардан клубтық командалар арасында республикалық турнир басталды

Шымкент қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан кезекті дүбірлі дода басталды. ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Көкпар федерациясының ұйымдастыруымен "Qazaqstan Kokpar Cup" клубтық командалар арасында алғаш рет республикалық турнир өтіп жатыр.
Доданың жалпы жүлде қоры – 28 500 000 теңге. Бұл турнир – көкпар спортының дамуына серпін беріп, өңірлер арасындағы бәсекелестікті күшейтетін ауқымды жобалардың бірі.
Ұлттық спорт тарихындағы айтулы оқиға – клубтық командалар арасындағы республикалық турнирге биыл 7 команда жасақталды. Олардың қатарында Павлодар, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан келген 100-ге жуық үздік шабандоз бақ сынайды. Әр өңірдің мықтылары ұлттық спорт жанкүйерлеріне жоғары деңгейде ойын көрсетпек.

Бүгін сайыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбуриев құттықтау сөз сөйлеп, жарысты ашып берді. Сондай-ақ, КСРО-ның 9 дүркін чемпионы, көкпар спортының ардагері Әбілхан Дауылбаев спортшыларға сәттілік тілеп, батасын берді. Командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Ә.Дауылбаев ең тартысты ойындар осы командалық жарыс екенін айтты. Кімнің шын мықты екенін осында байқауға болады.

Командалық көкпар жаңа бағытта дамуға бет алды. Бұл жарыстың маңызы ерекше. Себебі ел бойынша көкпарға қызығатын әрбір шабандоздың мүмкіндігін ашу және командалық көкпардың тынысын кеңейту жоспары тұр. Жаңа атшабарда жанкүйер қауым ұлттық рухты асқақтататын, тартысы мол қызықты кездесулерді тамашалай алады. Турнир аясында көрермендер үшін түрлі мәдени бағдарлама мен ұйымдастырушылардың арнайы шаралары да қарастырылған. Барлық кездесулер тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен, Павлодар мен Шымкент командасы жарысты бастап берді. Тартысты бәсекелер 22 қарашада мәресіне жетеді.
Жалпы, көкпар спорты соңғы уақытта жастар арасында да қызығушылық тудырып келеді. Мұндай турнирлер жас шабандоздардың тәжірибе жинап, кәсіби деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық спортымызды кеңінен насихаттау арқылы ауылдық жерлердегі жасөспірімдерді спортқа тарту және бос уақытын тиімді өткізуге бағыттау көзделіп отыр. Осындай жарыстар көкпардың дамуына жаңа серпін беріп, оның бұқаралық сипатын арттыруға ықпал етеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *