Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза болды
Ақтөбе облысында шетелдіктер отырған автобус аудырылып қалды, салдарынан 5 адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 7 желтоқсанда болған.
"Самара-Шымкент тасжолының 1023-шақырымында автобус аударылып, 5 жолаушы қаза тапты. 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.
Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!