Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ШҚО-да полицейлер 26 жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмысты ашты

ШҚО-да полицейлер 26 жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмысты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бірнеше қарулы шабуылдар жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі аса қауіпті қылмыскердің 1999 жылы желтоқсанда Зайсанда жасалған қатігез адам өлтіру мен қарақшылық дерегіне қатысы барын анықтады.

Оқиға болғаннан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Алайда қылмыскерлер қашып үлгерген.

Арада жылдар өткеннен кейін полиция мен тергеу органдарының жүйелі, әрі тиянақты жұмысының, сондай-ақ облыстық прокуратураның қолдауы арқасында қылмыстық оқиғаның барысы айқындалып, күдікті тұлғалар анықталды.

Екі ер адам ірі олжа табу мақсатында жергілікті тұрғынның үйіне баса-көктеп кірген. Үйден бағалы зат таппаған қаскөйлердің бірі 26 жастағы ер адамды аса қатігездікпен пышақтап өлтірген. Сол сәтте үйде болған 77 жастағы әйел адамды қылмыскерлер соққыға жығып, электр сымымен орындыққа байлап кеткен.

Олар оқиға орнынан 12 калибрлі қос ұңғылы аңшы мылтығын, "ИЖ-53М" пневматикалық тапаншасын және бейнемагнитофонды ұрлап кеткен.

Қазір екі айыпталушы да 2002 жылғы желтоқсанда бірқатар қарақшылық шабуыл мен адам өлтіру дерегі бойынша тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті "Адам өлтіру", "Қарақшылық", "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және "Қаруды заңсыз иемдену" баптары бойынша соталды тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, аталған үкім бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы, екі сотталушының әрқайсысына қылмыстар жиынтығы бойынша мүлкі тәркіленіп, төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза кесілді.

Полиция қызметкерлерінің әділдікке деген табанды еңбегінің арқасында 26 жыл бұрынғы ауыр қылмыстың ақиқаты ашылып, әділдік орнады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *