Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы тұжырымдамасын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы тұжырымдамасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасы бекітілді.
"Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!