Мария Хаджиева ҚНРДА басшысының орынбасары қызметінен босатылды
Мария Хаджиева Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!