Астана іргесіндегі Қараөткел ауылының тұрғыны Жанар Хасенова жергілікті әкім «үйіме суыт келіп, қысым жасады» деп шағынды. Оның сөзінше, үш күн бұрын кешкі 8-дер шамасында ауыл әкімі Бауыржан Абзалбеков екі учаскелік полицеймен келген. Осыдан соң әйелдің жағдайы ауырлап, жедел жәрдем шақыртқан.