Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан президенті "ЛГБТ пропагандасын шектейтін" заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы 30 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұл құжат қолданыстағы 12 заңға балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі жағымсыз контенттен қорғаумен қатар "дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттауға" тыйым салатын түзетулер енгізуді көздейді.

Енді Қазақстанда фильм, жарнама немесе әлеуметтік желіде ЛГБТ туралы айтылған кез келген нәрсе заңсыз деп танылуы мүмкін.

Қоғамда "ЛГБТ пропагандасын шектейтін заң" деген атауға ие болған заң жобасын биыл 12 қарашада парламент мәжілісі қабылдаған соң 18 желтоқсанда сенат едел-жедел екі оқылымда мақұлдап, президентке қол қоюға жолдаған еді.

Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан парламентін даулы түзетулерден бас тартуға үндеген. Құқық қорғаушылар бұл түзетулер адам құқығын бұзып, елдегі ЛГБТ өкілдеріне қатер төндіруі мүмкін деп есептейді.

Жоба авторлары заңға енгізілетін түзетулер "ЛГБТ өкілдеріне қарсы бағытталмаған", "оларды насихаттауға" ғана тыйым салады деп түсіндірген. Заң авторларының бірі депутат Ринат Зайыт Азаттыққа сұхбатында "ЛГБТ ұйымдары балалар санасына теріс ұғымдарды кіріктіріп жатқандықтан" оларға шектеу қою керегін айтқан. Бірақ құқық қорғаушылар гомофобия өріс алған қоғамда бұл заң "жығылған үстіне жұдырық" болады дейді.

Осы айда халықаралық 9 құқық қорғау ұйымынан құралған коалиция "бұл норма өзін ЛГБТ мүшесі деп танитын адамдармен қатар журналистердің, ғылым саласы өкілдерінің, әртістердің, құқық қорғаушылардың және азаматтық қоғам өкілдерінің де құқығын шектейді" деп мәлімдеген. Коалиция мұндай заң Қазақстанның адам құқығы жөніндегі халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетінін айтып, ол ЛГБТ қауымдастығы өкілдерін жазалау мен қудалауға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Қазақстан президенті бекіткен заң бойынша, "ЛГБТ насихатын жүргізген" деп танылған азаматтарды жазалау шаралары қарастырылған. Әуелі 20 АЕК, яғни, 80 мың теңгедей (қазіргі бағаммен шамамен 155 доллар) айыппұл салу, ал "заң бұзу" бір жыл ішінде тағы қайталанса, айыппұл ұлғаяды не 10 күнге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *