Мәскеу түбіндегі елді мекенде тұратын 120 мыңнан астам адам жарықсыз қалды
Мәскеу маңындағы Раменское қаласының 120 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды деп жазды қала әкімшілігіне сүйенген "Московский комсомолец".
Электр энергиясы Лыткарино және Жуковский елді мекені тұрғындарының бір бөлігінде де жоқ деп хабарлады электр таратушы мекемеге сүйенген РБК.
Компания өкілдері жарықтың сөнуін "жоғары вольтты станцияның автоматты түрде өшуімен" байаныстырған. Мекеменің "Оңтүстік электр желілері" бөлімінде ерекше режим енгізілген.
Раменское қаласының әкімшілігі Донинодағы орталықта электртехникалық шина өртенгенін айтты. Бірақ өртке не себеп болғанын нақтыламады. Бұған дейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалаға тағы дрон шабуылдағанын айтқан.
Әлеуметтік желіде тұрғындар жарықсыз қалған қала көшелерінен сурет пен видео жариялады. Жергілікті чатта қолданушылар ондаған кешенде электр энергиясы жоқтығын, көшеде жарық жоғын талқылап жатыр деп хабарлады "Осторожно, Москва".