2026 жылы Қазақстанда қандай әуежайлар мен рейстер пайда болады?
Жыл аяғына дейін елдің әуе паркі 9 жаңа ұшақпен толықтырылып, жалпы саны 118 бірлікке жетеді.
Томпиеваның айтуынша, 2026 жылдың аяғына дейін Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ, Таяу Шығысқа, Еуропаға және Азияға жаңа халықаралық рейстер ашылады.
Бағыттар қатарында: Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да қалалар бар.
Тағы не жоспарланған?
Биыл Қазақстанда Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарын салу басталады. Сондай-ақ, Алматыда ішкі рейстер терминалын қайта жаңғырту және Ақтауда перронға күрделі жөндеу жүргізу көзделген.
Сонымен қатар, өңірлік жобалар да жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде:
Атырау әуежайының жаңа терминалын салу,
Павлодар әуежайын реконструкциялау,Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау,Арқалық әуежайын қалпына келтіру.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!