Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

4 қаңтарда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің деректеріне сәйкес, республиканың басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты қар, боран, ал елдің батысы мен оңтүстігінде - жауын-шашын күтіледі. Тек елдің оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жалпы Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Астанада қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматыда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Алматы облысында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, боран болжанады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15–18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран күтіледі, күндіз облыстың шығысында да қар және боран болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар, боран, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с.

Павлодар облысында қар, боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады.

Қарағанды облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Қостанай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Атырау облысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады; түнде облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с-қа дейін.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз Жарма ауданында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін.

Маңғыстау облысында тұман күтіледі.

Жетісу облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *