Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп АҚШ Венесуэланы басқаратынын айтты

АҚШ Венесуэланы президент Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін елде жаңа басшы тағайындалғанға дейін уақытша басқаруға дайын. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз елді қауіпсіз, дұрыс әрі ақылға қонымды билік транзитін қамтамасыз ете алғанға дейін басқаруды қолға аламыз", – деді Трамп.

Оның айтуынша, Вашингтон Латын Америкасындағы бұл мемлекетті уақытша басқаратын команданы жасақтап жатыр.

"Адамдармен сөйлесіп жатырмыз. Әртүрлі адамдарды тағайындап жатырмыз және Венесуэланы басқаратын сол адамдардың нақты кім екенін сіздерге айтамыз", – деді ол.

Трамп Венесуэланы басқаруға арналған "топ" құрамында АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері, соның ішінде Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Пентагон басшысы Пит Хегсет жұмыс істейтінін қосты.
Трамп Венесуэланы қайтадан ұлы ел ететінін уәде етіп, АҚШ Венесуэладан жай ғана шығып кете алмайтынын, өйткені елде билікті қолына алатын ешкім жоқ екенін айтты.

"Біз Венесуэланың қайтадан ұлы ел болғанын қажет деп санаймыз. Бәрі өте оңай. Егер біз жай ғана кетіп қалсақ, билікке кім келеді? Айтайын дегенім, билікке келетін адам жоқ", – деді ол.

АҚШ президенті Штаттар қажет болған жағдайда Венесуэлаға өз қарулы күштерін жіберуден тайынбайтынын ескертті және Мадуроны қолға түсіруге әкелген алғашқы соққыдан кейінгі екінші шабуыл одан да күшті болатынын айтты.

"Біз құрлық әскерлерінің пайда болуынан қорықпаймыз. Қажет болса, сол жерде сарбаздардан қорықпаймыз. Кеше сол жерде өте жоғары деңгейдегі сарбаздар болды, біз ештеңеден қорықпаймыз", – деді Трамп.

Трамп Венесуэла басшылығы Вашингтонға бағынуға тиіс екенін мәлімдеді.

"Барлық саяси және әскери қайраткер Мадуромен болған жағдай олардың да басына түсуі мүмкін екенін түсінуі керек", – деп ескертті ол.

Венесуэлаға жасалған соққылар мен Мадуроны тұтқындауды Трамп "төтенше әскери операция" деп атады.

"Әскери қуат – әуеден, құрлықтан және теңізден – әсерлі шабуылды жүргізу үшін қолданылды, бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері адамдар көрмеген шабуыл болды", – деді ол.

АҚШ Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы, генерал Дэн Кейннің айтуынша, Венесуэла президентін қолға түсіру операциясы "Абсолют табандылық" ("Absolute Resolve") деп аталған. Шапқыншылыққа 150 ұшақ тартылып, әскерилер Таяу Шығыста, Оңтүстік-Батыс Азияда және Африкада терроризмге қарсы күрестегі көпжылдық тәжірибеге сүйенгенін айтты. Оның сөзінше, бүкіл операция шамамен екі сағат 20 минутқа созылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *