Биік мақсаттардың жүзеге асуы өз қолымызда
Биік мақсаттардың жүзеге асуы өз қолымызда
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі мерзімді баспасөз бетінде жыл сайын берілетін сұхбаттарымен іс жүзінде жаңа саяси дәстүрді қалыптастырды. Міне, келіп-жеткен Жаңа жылқы жылының басында осы дәстүрді сақтай отырып, Қазақстандағы ең ықпалды баспа басылымдарының бірі «Түркістан» газетіне ауқымды да мазмұнды сұхбат берді. Мемлекет басшысы әрқашан қоғамдық көңіл-күй мен халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілектеріне барынша назар аударып отырады. Барлық мәселелер мен жоспарлар туралы бүкпесіз әрі ашық айтады. Бұл жолы да халықты толғандыратын көптеген маңызды мәселелер көтеріліп, талқыланды. Мысалы, салық реформасы, соның ішіндегі қосымша табыс салығы, энергетикалық және коммуналдық сектордағы реформа, көлік және...