Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда sim-карта рәсімдеудің жаңа тәртібі қолданысқа енді

Қазақстанда 3 қаңтардан бастап енгізілген жаңа тәртіп бойынша, енді азаматтар sim-картаны биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана рәсімдей алады. Жұмыс бабында sim-карта пайдаланатын әр қызметкер жеке басын тиісті деректермен растауы шарт.

Бір адамға ең көбі он sim-карта рәсімдеуге рұқсат етіледі деп жазды "Курсив" басылымы. Sim-карта сатып алғаннан кейін мобильді байланыс операторының кеңсесіне бармай-ақ, әркім оны өздігінен қоса алады. Картаны телефонға алғаш қосқан кезде sms-хатпен бірге түскен оператордың қосымшасын телефонға орнатқаннан кейін қолданушы биометриялық сәйкестендіруден өтіп, өзі таңдаған тарифке қосыла алады.
Ескі үлгідегі және интернетке қосыла алмайтын телефон пайдаланатын азаматтар sim-картаны қосу үшін мобильді байланыс операторының кеңсесіне барып, биометриялық сәйкестендіруден өтуі тиіс.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин жаңа жүйе алаяқтықпен күресуге бағытталғанын, егер телефон нөмірі нақты бір адамға тіркелмеген болса, интернет-алаяқтық деректерін тергеу дәуір қиынға соғатынын айтты деп жазды "Курсив".
Басылым келтірген дерек бойынша, 2025 жылдың 11 айында құқық қорғау органдары 26,3 мың интернет-қылмыс тіркеген. Бұл алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20 пайыз көп және 2019 жылғы көрсеткіштен 3,4 есе жоғары.
Былтыр көктемде Цифрлық технологиялар министрлігінің sim-карта сатып алушыдан биометрия талап ететін тәртіп енгізу туралы ұсынысы парламентте сынға қалған еді. Сол кезде депутат Мұрат Әбенов биометрия деректерін жинаудың әлі күнге дейін біркелкі стандарты жоғын айтып, мұндай жағдай азаматтардың жеке деректері таралып кету қаупін тудыратынын ескерткен.
Киберқауіпсіздік саласы сарапшылары алаяқтар өзі қолданатын нөмірді өзгертуге мүмкіндік беретін технологияларды жиі пайдаланып жүргенін айтады. Сол себепті, биометрия деректері бойынша тіркеу күткендегідей нәтиже бермеуі де мүмкін деп топшылайды олар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *