Қазақстанда қолма-қол ақша алуға шектеулер енгізілді: кімдерге қатысты?
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол ақша шешудің жаңа тәртібі күшіне енді. Бұл өзгерістер кімдерге қатысты? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.
Не өзгерді?
Былтыр Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен қаулы қабылдаған. Соған сәйкес, кәсіпкерлер белгіленген лимиттен артық қолма-қол ақша шешкен жағдайда, оның мақсатын түсіндіруге міндетті.
Жаңа ережелер кімдерге қатысты?
Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және:
заңды тұлғаларға;жеке кәсіпкерлерге (ЖК) қолданылады.
Алайда қолма-қол ақша шешуге шектеуден ресми түрде босатылған субъектілер бар, олардың тізімін Ұлттық банк жеке бекітеді.
Ай сайынғы лимиттерҰлттық банк бекіткен шектеулер:
шағын бизнеске - айына 20 миллион теңгеге дейін;орта бизнеске - 120 миллион теңгеге дейін;ірі бизнеске - 150 миллион теңгеге дейін.
Ақшаны қалай шешуге болады?
Лимит шегінде
Кәсіпкер банкке өтініш береді, банк ақшаны стандартты тәртіппен береді.
Лимиттен асқанда
Егер белгіленген мөлшерден артық сома қажет болса, кәсіпкер:
қолма-қол ақша алу мақсатын құжаттармен дәлелдеуі тиіс (шарт, шот, тізімдеме, сатып алу актісі, инвойс, смета, бұйрық және т.б.);мәліметтерді мемлекеттік органдарға беруге келісімін ұсынады;тәуекелдерді тексеру нәтижесін күтеді.
Тексеру қалай өтеді?
Лимиттен асқан жағдайда, банк келесі жұмыс күні сағат 10:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер комитетіне:
өтінішті,артық сома көлемін,мақсатын,компания деректерін,құжаттарды,келісімді жолдайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күнінің аяғына дейін:
тәуекел бар болса - ақшаны беруден бас тартуға болады;тәуекел жоқ болса - ақшаны беруге рұқсат етеді.
Егер 3 жұмыс күні ішінде жауап болмаса, банк ақшаны беруге міндетті.
Тексеру нәтижесі 1 ай бойы жарамды. Тәуекел критерийлері жарияланбайды, құпия болып саналады.
Мемлекеттік органдар арасындағы бақылауҚосымша бақылау да енгізілді: банктер ай сайын 10 миллион теңгеден артық қолма-қол ақша шешкен компаниялар туралы деректерді Ұлттық банкке жібереді;Ұлттық банк бұл ақпаратты:
Мемлекеттік кірістер комитетіне - салық және тәуекелді тексеру үшін;Қаржы нарығын реттеу агенттігіне - банктерді бақылау үшін жолдайды.
Мерзімдер:
банктер - келесі айдың 15-іне дейін;Ұлттық банк - келесі айдың соңғы жұмыс күніне дейін;Мемлекеттік кірістер комитеті - сол мерзімде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!