Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы тіркелген. Құжатта жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына өзгерістер енгізу көзделген.
Қабылданған түзетулер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

"Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қызмет көрсетеді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазір Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының байқау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің бағалар тізбесін бекіту рәсімі жалғасып жатыр.
Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының ресми сайтында жарияланатын болады.
Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы алдағы алты-жеті жылда қаладағы зираттарда марқұмдарды жерлеуге орын қалмайтынын мәлімдеген еді. Олардың дерегінше, 2025 жылғы жағдай бойынша Алматыда 70 зират бар, соның 61-і жабылған. Жаңа зираттарға арналған жер телімдері бекітіліп жатыр, алайда олар Алматы облысының аумағында орналасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *