Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Рубио: АҚШ "Иранның батыл халқын қолдайды"

Жұма күні кешке және сенбіге қараған түні Иранның көптеген қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті. Наразылықтың жалғасып жатқанына екі апта болды және билік оларға күш қолданып, таратуға тырысып жатса да кейінгі күндері наразылардың саны артқан. Елде интернет өшкен, соған қарамастан әлеуметтік желілерде көшеге көп адамның шыққанын дәлелдейтін видеолар жарияланды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қаңтарда кешке Вашингтон жағдайды мұқият қадағалап отырғанын айтып, жаппай наразылық басып-жаншылса және көп қан төгілсе, АҚШ Иран режимінің "осал тұсынан соққы береді" деді. Трамп мәселе Иранға АҚШ әскерін кіргізуде болып отырмағанын, бірақ шара қатаң болатынын айтты.

Бұған дейін Иран билігі наразылардың бір бөлігі АҚШ-тың мүддесіне қарай қимылдап отырған "бүлікшілер" екенін айтқан. Ал Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Трамптың өзін "құлатамыз" деп сес көрсетті.

Ислам революциясы сақшылар корпусы да наразыларға қатаң ескерту жасады.

Қазіргі кезде нақты қанша адам қаза болғаны және жараланғаны белгісіз. Ұсталғандардың саны туралы да нақты дерек жоқ. Кей ақпаратқа қарағанда, ұсталғандар 2 мыңнан асқан. Азаттықтың Иран қызметі (Фарда радиосы) 35 адамның қаза болғаны расталғанын хабарлады, құқық қорғау ұйымдары 45 пен 65 аралығында адам қаза болғанын айтады. Арасында жасөспірімдер мен күштік құрылым өкілдері бар.

9 қаңтарда Иран билігінің наразыларға шамадан тыс артық күш қолдануын ЕО елдерінің бірқатар жетекшісі айыптады. Франция, Германия, Ұлыбритания басшылары ортақ мәлімдеме таратты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сенбі күні АҚШ "Иранның батыл халқын қолдайды" деп жазды.

Наразылық 2025 жылдың желтоқсан соңында елде экономикалық ахуал қиындаған шақта басталған. Әуелі саудагерлер бастаған наразылыққа кейін студенттер мен өзге де топтар қосылған. Бірте-бірте наразылықта Иран басшыларына қарсы ұрандар айтыла бастады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *