Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Есеп бермейсіз, ЖТС төлемейсіз: жаңа салық режимінің тиімді тұстары айтылды

2026 жылдың алғашқы 10 күнінде жаңа Салық кодексі аясында 66 мың қазақстандық өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режиміне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін бұл азаматтар жеке кәсіпкерді тіркеусіз қызмет атқарған, енді олар өзін-өзі жұмыспен қамтудың жаңа субъектілеріне айналды және заңды және қажетсіз әкімшілік рәсімдерсіз жұмыс істейді.

"Мұндай нәтиже 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін енгізудің арқасында мүмкін болды. Бұл өз бетінше жұмыс істейтін және жеке еңбегінен табыс табатын жеке тұлғалар үшін қарапайым және ыңғайлы салық режимі", - делінген хабарламада.

Режим кімге арналған?

жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайды;Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысады (2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулы);айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс алады (2026 жылы – шамамен 1,3 млн теңге).

​Режимнің негізгі артықшылықтарыӨзін-өзі жұмыспен қамтығандар:

ЖК ретінде тіркелуге міндетті емес;табыс салығын төлемейді (ЖТС мөлшерлемесі - 0%);әлеуметтік төлемдерді табыстың 4% ғана төлейді, оның ішінде 1% - МЗЖ, 1% - ЖБМЗЖ, 1% - әлеуметтік аударымдар, 1% - МӘМС;салық есептілігін тапсырудан босатылған;"e-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді, онда чектер қалыптастырылады (БКМ қолданусыз) және әлеуметтік төлемдер автомат түрде есептеледі;интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген кезде чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы қалыптастырады, ұстайды және аударады.

Қосымша:


режимді қолдану туралы хабарлама жіберудің қажеті жоқ;режимнің басталу күні қосымшада бірінші чекті қалыптастыру сәті болып саналады.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *