Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы, ұлттық болмысы мен мәдениетінің айнасы. Ана тілі арқылы ұлттың тарихы, салт-дәстүрі, дүниетанымы мен құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан қазақ тілінің қоғамдағы орны қашанда ерекше. Қазіргі таңда қазақ тілінің дамуы мен қолданылу аясын кеңейту маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі білім беру кеңінен қолданылуы тиіс. Бұл – елдің бірлігі мен тәуелсіздігін нығайтатын басты факторлардың бірі. Қазақ тілін сақтау мен дамыту әр азаматтың міндеті. Әсіресе жастардың ана тіліне деген құрметі мен жауапкершілігі зор рөл атқарады. Күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлесу, кітап оқу, көркем шығармаларды насихаттау – тілге деген...