Мамандық таңдау
Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдардың бірі. Дұрыс таңдалған мамандық адамға өз қабілетін толық ашуға, қоғамға пайда әкелуге және өмірден қанағат алуға көмектеседі. Ал қате таңдау уақыт пен күштің зая кетуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандықты саналы түрде, түрлі әдістерді қолдана отырып таңдау қажет.
5 әдіс: 1.Ең алдымен адам өзін жақсы танып алуы керек. Қай пәнге қызығатынын, қандай істе қабілеті бар екенін, немен айналысқанда өзіне сенімді болатынын анықтау маңызды. Өз қызығушылығын түсінген адамға мамандық таңдау жеңілдейді.
2.Мамандық таңдауда түрлі психологиялық тесттердің де көмегі бар. Олар адамның қай салаға бейім екенін көрсетеді. Мұндай тесттер нақты шешім қабылдатпаса...