Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтар биыл ақпанда қалай демалады?

2026 жылғы ақпанда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған, сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбі болып қала береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Қыстың соңғы айы жылдың ең қысқа кезеңі болғандықтан, қазақстандықтар 8 күн демалады.
Дегенмен ақпанда кәсіби және өзге де атаулы күндер бар. Олар жұмыс күндеріне сәйкес келгеніне қарамастан атап өтіліп, сол салаларға қатысы бар жандарға құрмет көрсетіледі.
Кәсіби мерекелердің тізбесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген. Бұл құжат алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.
Кәсіби және атаулы күндер:

1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні2 ақпан – Ұлттық басылым күні15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні

БҰҰ күнтізбесі бойынша:

4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы күрестің дүниежүзілік күні; Адамзат бауырластығының халықаралық күні;10 ақпан – Дүниежүзілік бұршақ тұқымдас дақылдар күні;11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні;12 ақпан – Қызыл қол күні (2002 жылдан бері БҰҰ деңгейінде соғыс пен қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды еске алу күні ретінде аталып өтеді); Дарвин күні;13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні;20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні;21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні;27 ақпан – Дүниежүзілік ҮЕҰ күні немесе Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *