Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иранда наразылық жалғасып жатыр. Батыс шерушілерге күш қолданбауды талап етті

Иранда үкіметке қарсы наразылықтың жалғасып жатқанына 15 күн болды. Билік наразылықты басып-жаншуға тырысса да, наразылардың саны артпаса кеміген жоқ. АҚШ бастаған Батыс елдері Тегераннан халыққа күш қолданбауды талап етті.

Үкіметке қарсы ұрандар Тегеран көшелерінде 11 қаңтарда да естілді. Құқық қорғау ұйымдары да, мемлекеттік БАҚ та елдің ондаған қаласында наразылық пен ұстау, күш көрсету жалғасып жатқанын жазды. Құқық қорғау ұйымдарының бірінің мәліметінше, екі аптадан астам уақытқа созылған наразылық кезінде елде кемінде 116 адам қаза болған.

AFP растаған видеода Тегеранның солтүстігінде наразылардың құлатылған монархияны қолдап, айқайлап бара жатқаны, фейерверк шашып, ыдыстарды тақылдатып, билікке қарсылық білдіргені көрінеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін АҚШ қолдайтын Шах Мұхаммед Реза Пехлеви биліктен кеткелі бері елді басқарып келе жатқан Иранның авторитар режиміне қысымын жалғастырып жатыр.

10 қаңтар күні Truth Social желісінде Трамп "Иранның бұрын-соңды болмаған дәрежеде еркіндікке ұмтылатынын", АҚШ "көмектесуге дайын" деп жазды.

Ол ізінше Fox News жариялаған видеоны қайталап басты. Онда наразылардың 1979 жылға дейін қолданылған туды қазіргі тумен алмастырып жатқаны көрінеді.

Бір күн бұрын Ақ үйде мұнай және газ компанияларының жетекшілерімен кездесу кезінде Трамп "Ирандағы жағдай күрделі. Халық бірнеше қаланы басып алған, бірер апта бұрын ғана мұндай нәрсе ешкімнің ойына да келмеген еді" деді.

"Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Егер олар адамдарды өлтіре бастаса, өткен жолғыдай, жағдайға араласамыз. Оларға осал тұсынан қатты соққы жасаймыз. Бұл әскер кіргізуді білдірмейді, бірақ осал тұсынан қатты соққы жасаймыз" деді.

10 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ "Иранның батыл халқын қолдайды" деп жазды.

Наразылардың саны жылдам артып жатырБақылаушылар қазіргі наразылықты 2022 жылғы Махсы Әминидің қазасынан кейін тұтанған наразылықтардан бергі ең ірі толқу ретінде сипаттап отыр. "Хиджабты дұрыс кимегені үшін" ұсталған Махсы Әмини полицияда жұмбақ жағдайда қаза болған. Оның қазасынан кейін Иранның қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті.

28 желтоқсанда Тегерандағы Гранд базардан бастау алған наразылық ондаған елді мекен мен қалаға жылдам жайылды.

Әуелі билік тұтас елде интернет жылдамдығын баяулатып, ізінше 8 қаңтарда түнгі ондарда тұтас өшірді, телефон байланысын да үзді.

48 сағаттан астам уақытқа созылған блэкауттан бері қаза болғандар, жараланғандар немесе ұсталғандар саны туралы нақты ақпарат жоқ. Байланысты өшіру наразыларға қарсы күш қолдануды жасыру үшін қолданылуы мүмкін деген қауіп те айтыла бастады.

CNN елдің солтүстік-шығысындағы Нишапур қаласында тұратын дәрігердің сөзінен үзінді келтіреді. Ол арнаға жіберген аудиосында 9 қаңтарда билік "кемінде 30 адамды" өлтіру үшін "әскери винтовка" қолданғанын айтқан.

"Олардың арасында балалар да бар. 5 жасар бала анасының құшағында оққа ұшты" деді дәрігер.

"Ауруханаларда жағдай тұтас хаос, науқастар ол жаққа барса, аты-жөндерін анықтай ма деп қорқады. Сондықтан біз оларды жеке клиникаларда емдеуге тырысып жатырмыз" деді ол.

АҚШ-та шоғырланған ирандық белсенділерден құралған құқық қорғау ұйымы Human Rights News Agency (HRANA) 11 қаңтарда екі апта бойғы наразылық кезінде 116 адам қаза болғанын хабарлады.

HRANA ұйымының хабарлауынша, кемінде 2,638 адам қамалған және интернет тұтас өшкен шақта 574 елді мекен мен 185 қалада наразылық жалғасқан.

Наразылық күштеп басып-жаншылып жатқан шақта Иран әскері мәлімдеме таратып, наразылық кезінде "елдің стратегиялық инфрақұрылымдары мен мемлекеттік мүлкін қорғау үшін" өзге де күштік құрылымдармен бірігіп, қимылдайтынын хабарлады.

Инфляция мен валютаның құлдырауы: халықтың ашу-ызасыҚымбатшылық, инфляция және ұлттық валютаның құнсыздануынан туындаған шеру Тегеранда сауда орын иелері экономикалық стагнация мен бағаның шарықтауына байланысты ереуіл жариялағаннан кейін бірден жайылған.

Экономикалық мәселелерді жылдар бойғы саяси және экологиялық дағдарыс ушықтырып отыр. Шамамен 10 миллион халқы бар Тегеран қатты қуаңшылыққа кезіккен.

Иран президенті Масуд Пезешкиан экономиканы жақсарту үшін "жаңа шешімдерге" уәде беріп, халықты сабырға шақыруға тырысқан, бірақ наразылық көп ұзамай жайылып, оның ауқымы кеңейді.

9 қаңтарда Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи жақтастарына қайырылып, "бүлікшілер" Трампқа "жағу үшін" елдегі ғимараттарды қиратты деп мәлімдеді.

Батыстың өзге елдері Ирандағы наразыларға қолдау білдірді. Иран билігінің күш қолдануын айыптаушылар қатары көбейді.

10 қаңтарда Еуропа комиссиясының жетекшісі Урсула фон дер Ляйен Иран билігін ұсталған наразылардың барлығын босатып, елде интернетті қалпына келтіруге үндеді.

"Тегеран көшелері мен әлем қалалары еркіндікті талап еткен ирандық әйелдер мен ерлердің қадамына құлақ түрді" деп жазды ол әлеуметтік желіде.

"Сөз бостандығы, жиналу, қозғалу еркіндігі ең бастысы, еркін өмір сүру" деп жазды.

9 қаңтар күнгі ортақ мәлімдемелерінде Франция, Германия мен Ұлыбритания басшылары Иран билігінің наразыларға қатаң күш қолдануына қатты алаңдаушылық білдіріп, наразыларды өлтіруді қатаң айыптады.

Иранның бұрынғы тақ мұрагері және оппозициядағы танымал тұлға Реза Пехлеви әлеуметтік желіде наразыларды қолдап, "олардың батырлығы мен қайрат-жігеріне тұтас әлем сүйсінгенін" айтып, жақын арада Иранға оралу жоспарын да жариялады. Марқұм шахтың мұрагерлерін Иранда халықтың қанша бөлігі қолдайтыны әзірге белгісіз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *