Алматы маңында жер сілкінді
12 қаңтар күні Астана уақытымен күндізгі сағат 11:44 кезінде Алматы облысы аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы (ҚҰДО) хабарлады.
ҚҰДО дерегінше, магнитудасы 3,7 шамасында болған жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 шақырым қашықта, жер қабатының 5 километр терең тұсында тіркелген.
Жер сілкінісі салдарынан адамдар зардап шеккені я дүние-мүлікке зиян келгені жайлы хабар түскен жоқ.