Billie Eilish, Drake-пен бір сахнада: Yenlik танымал шоуда ән шырқайды
Yenlik лақап атымен танымал қазақстандық әнші Еңлік Құрарбек халықаралық Colors музыкалық жобасының жаңа шығарылымына қатысады. Бұл - YouTube-та тікелей эфирда өтетін ең танымал платформалардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Yenlik - бұл жобаға шақырылған қазақстандық алғашқы орындаушы. Бұған дейін Colors сахнасында Billie Eilish, Drake, Doja Cat сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.
Әншінің өкілдерінің айтуынша, Еңлік Colors-қа қатысуды көптен бері армандап жүрген. Ол екі жыл бұрын өзі өтініш беруге тырысып көрген, бірақ жауап ала алмаған. Ал биыл жоба командасы әншіге өздері хабарласқан.
ColorsxStudios - 2016 жылы Германияда құрылған музыкалық платформа. Қазір платформаның YouTube-та 8,2 миллион жазылушысы бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!