Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өзбекстанда 21 жастағы мұғалім "Мұхаммед пайғамбарды қорлағаны" үшін 12 күнге қамалды

Өзбекстанның Самарқан облысына қарасты Пахтачи ауданында 21 жастағы тарих пәнінің мұғалімі Telegram-арналардың бірінде қалдырған пікірінде Мұхаммед пайғамбарды қорлайтын сипатта сөздер жазған деген айыппен 12 күнге әкімшілік қамауға алынды. Мұндай ақпаратты Gazeta.uz басылымы хабарлады.

Іс материалдарында мұғалім пікірін 30 желтоқсанда жариялағаны жазылған. Ал 7 қаңтар күні әлеуметтік желілерде оның скриншоттары тарап, пікір авторын жауапқа тартуды талап еткен үндеулер пайда болған.

9 қаңтарда ішкі істер органдары қызметкерлері мұғалімнің ұялы телефонын тексеріп, даулы пікір авторы соның аккаунтынан кіріп, желіге жазғанын анықтаған. Осыдан кейін оған Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 184-3-бабы ("Ұлтаралық немесе діни араздық қоздыруды, нәсілшілдікті насихаттайтын материалдар дайындау, сақтау немесе тарату") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сол күні істі Пахтачи аудандық соты қарағп, шешім шығарған. БАҚ танысқан сот шешіміне сәйкес, айыпталушы кінәсін мойындаған. Сот оны 12 күнге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған. Мұғалімнің өзінен немесе оның адвокатынан пікір алу мүмкін болмады деп жазды басылым.

Бұдан бөлек, сот пікір жарияланған ұялы телефонды жою туралы шешім шығарып, оған қоса "қайтадан құқық бұзудың алдын алу мақсатында" оған Telegram-аккаунтын пайдалануға шектеу қойған. Жауапқа тартылған азаматты оны қамауда ұстауға кететін шығынның өтемі ретінде 741,6 мың сум төлеуге міндеттеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *