Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бабақұмаровтың өлімі: істі Бишімбаевқа үкім шығарған судья қарайды

Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды. Бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергелген.

"Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300–305-баптарының талаптарын сақтай отырып, сотқа жолданды", - деп хабарлады прокуратура.

Істің өзге мән-жайы ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Елорда сотының баспасөз қызметі істің Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскенін хабарлады. Істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Ол бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша үкім шығарған. Алдын ала сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген.
Ержан Бабақұмаровтың өлімі
Еске салайық, 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров танысымен болған жанжал салдарынан қаза тапқан.
Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты.
1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған. Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы және вице-министр қызметтерін атқарған. Премьер-министр канцеляриясы басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін де атқарған.
2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары болған.
Биыл Ержан Бабақұмаровтың Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланған еді. Сот оған 15 тәулік қамау жазасын тағайындап, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *