Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Подъездің алдында күтіп отырған“: Шымкентте қаза болған 21 жастағы қыздың туыстары мән-жайды айтты

Шымкенттің орталығында пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Сәрсенбай туған ауылы Төрткөлде жерленді. Туыстары ұсталған күдіктіге қатысты ең ауыр баптармен қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.
Туыстарының сөзінше, Нұрай мен күдікті былтыр тойда танысқан. Ол көп өтпей, қызды алып қашқан көрінеді. Сол кезде қыз көнбей кетіп қалады. Бірақ содан бері бойжеткенді аңдуын қоймаған.

"Қыз бен жігіт таныс болған. Бірақ қыз бұл жігітті ұнатпаған. Қыз ата-анасына "бір жігіт артымнан қалмайды, телефоныма қайта-қайта қоңырау шалады" деген. Телефон арқылы қорқытып, үркіткен. Подъездің алдында қызды күтіп отырған. Болмаған соң, ата-анасы қала прокуратурасы мен полиция департаментіне арызданған", - дейді марқұмының туысы Кәрімжан Кенжетаев.

Алматыда дизайнер мамандығы бойынша оқып жүрген Нұрай Серікбай қысқы демалысқа келген. Дүкенге шыққанда оны торуылдаған қаскөй қинап сөйлеспекші болған. Бірақ қыз көнбей, қашқан кезде артынан қуып, пышақтаған.

"Алтындай, сондай ақылды қызымнан айырылып отырмын. Толықтай жазасын алсын. Өмір бойы сотталып кетсе де жаным ашымайды. Айуандықпен қызымды өлтірді. Ешқашан кешіруге болмайды", - дейді марқұмның тағы бір туысы Айгүл Сағымбек.

Қанды қылмыстан соң күшейтілген режимде күдіктіні іздеген полицейлер 28 жастағы ер адамды қала сыртында жасырынып жатқан жерінен ұстапты. Оған қатысты әзірге бір баппен қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті қала аумағынан шамамен он шақырым қашықа ашық жерде анықталып ұсталды. Қазір 28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Тергеудің себептері мен мән-жайы тергеуде анықталады", - дейді Абай АПБ бастығы Ернар Алтаев.

Студент Нұрайдың артында ата-анасы мен екі ағасы қалды. Олар тергеуді Бас прокуратура қадағалауға алсын деп талабын жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *